Таспа

Қостанай облысында педагогтардың 90%-ы вакцина алды

Қостанай облысында педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, тамызда ұстаздар еңбек демалыстарынан жұмысқа оралады.

Қазіргі кезде облыс педагогтарының 90%-ы вакцина алған. Процесс жалғасуда, тамызда мұғалімдер еңбек демалысынан шығып, жұмысқа оралады. Олардың арасында жол жүргендер вакцина салдырған. Жаңа оқу жылының басына дейін, бөлек қарастырылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп жоспарлап отырмыз, — деп мәлімдеді ведомство.

Өңірде вакцинаның бірінші компонентін 245 мың адам немесе халықтың 48,7%-ы салдырған. Екінші компонентті салдырғандар үлесі – 33%.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында 1 тамыз бен 1 қазан аралығында вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ойнатылатыны хабарланған еді.

 

фото: inform.kz

 

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *