Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, СOVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Сондай-ақ вакцинациялауды жүргізу үшін емханалардан басқа адамдар көп жиналатын орындарда жеке егу кабинеттері ашылған көрінеді.
Бүгінгі күні І компонентпен 309 839 адам немесе 61,3%-ы қамтылды. Ал ІІ компонентті 268 275 адам алған, бұл тиісті халықтың 53,1%-ын құрайды. Вакцинациялауды жүргізуге тиісті оқытудан өткен 426 медицина қызметкері жұмылдырылды, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кететін жайт, бүгінгі күні «Ashyq» жобасына қатысуға 4 819 өтінім қабылданды. Оның ішінде 4 719 кәсіпорын QR кодтарын алды.
Ағымдағы жылдың 1 тамызымен салыстырғанда «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 1 978 кәсіпорынға ұлғайды немесе бұл 41,0%-ды құрады.
Жалпы алғанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты және ерекше бақылауда тұр, — деп атап өтті Ерлан Спанов.
фото: ашық дереккөз