«Қостанайда екпе алған бала қайтыс болды»: Желідегі ақпарат жұртты шошытты

Қостанай мектептерінің бірінде манту сынамасынан кейін бала қайтыс болды деген хабарлама тарап жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kztengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Қостанайлықтар мессенджерлерде баланың өлімі туралы аудиохабарламаны белсенді түрде таратып жатыр. Аудиохабарламада оқиға мектепте манту сынамасы жүргізілгеннен кейін болғаны айтылады. Онда ер адам Қостанайдағы мектептердің бірінде балаларға жасырын түрде вакцина егілгенін айтады. Болжам бойынша, бір бала вакцинациядан кейін қайтыс болған, тағы бірнешеуінің жағдайы ауыр екені айтылады.

«Бүгін балаларға епе салынды, олардың айтуынша «Манту». Юркамен бір сыныпта бір бала оқитын… Оған екпе салған, үйіне келгенде жағдайы нашарлап, дене қызуы 40 болды, жансақтауға алып кетті, бала қайтыс болды. Ол тоғыз жаста, екпе алғаннан қайтыс болды, тағы үшеуі ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Қостанайдағы №7 мектепте болды», — дейді ер адам.

Өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаға қатысты бірден жауап берді. Хабарлама жалған екені белгілі болды.

«Құрметті отандастар, бұл жалған ақпаратты таратуды тоқтатуға шақырамын. Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы екпе жасалмайды. №7 мектепте екпеден кейін бала өлімі болғаны және балалар ауыр жағдайда екені туралы ақпарат — жалған», — деді департамент өкілі.

Енді аудиохабарлама авторын жалған ақпарат таратқаны үшін полиция іздестіреді.

«Факт бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабында көзделген «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер жалған хабарламалар мен әлеуметтік желілердегі жазбалар үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді», — деді департаменттегілер.

Ер адам енді үш миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін, сонымен қатар ол төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе бір жылға дейін бас бостанығынан шектелуі немесе түрмеге жабылуы мүмкін.

 

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанайда 310 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы ...

Бір пікір

  1. Благодарим вас за информацию. Кстати,вот тут яндекс пробки онлайн карта сейчас можно в любое время увидеть текущие яндекс пробки онлайн карта сейчас. На основе полученной информации можно построить оптимальный маршрут. — в открывшемся календаре выберите нужный день, и на карте отобразится прогноз загруженности дорог на этот день (прогноз строится на основании данных статистики). Здесь предоставляется информация о загруженности дорог в реальном времени на основе сервиса Яндекс Пробки. На кнопке в виде светофора цифрами от 1 до 10 показана загруженность дорог, где 1 — движение свободно, 10 — пешком быстрее. PRessa40.ru – интернет-газета, в которой можно найти информацию не только о событиях Калуги и Калужской области, но и актуальные российские новости.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *