Қостанайда ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәліктерін сатып келген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай мен Ақмола облыстарында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының заңға қайшы әрекетін анықтаған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz

Қызметкерлер жол ережелері туралы теориялық емтихан тапсырмаған азаматтарға сынақтан сәтті өткені туралы бланкілерді сатып келген.

Олардың орнына емтиханды арнайы дайындалған жалған тұлғалар тапсырған.

Мәселен, Ақмола облысында емтихан қашықтан ұйымдастырылса, Қостанай облысында бетперде мен кепке киген жалған тұлғалар тестті емтихан сыныбында отырып тапсырған.

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, тергеу барысында мыңнан аса жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілері тексеріліп жатыр. Жол қозғалысы ережелері туралы теориялық емтиханды сәтті тапсырғаны жайлы жалған емтихан анықтамалары тәркіленді.

Мұндай қылмыс адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне тікелей қауіп төндіреді, — деп ескертті агенттік.

Мысалы, Қостанайда М. есімді азамат жол ережесін өрескел бұзып, Toyota Сamry көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан автокөліктерге қатты зақым келді. Тергеу нұсқасы бойынша М. есімді азамат теориялық және практикалық емтихандарды тапсырмай, жүргізуші куәлігін алған.

Ауқымды заң бұзушылықтардың анықталуына байланысты елдегі барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тексеріс жүргізіледі, — деді агенттіктегілер.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *