Fitness Park KZ: Бұқаралық спортта мәдени код пен шығармашылық контентті үйлестірдік

Әлемді індет жайлаған уақытта жастар арасында саламатты өмір салты мен спортты күн сайынғы дағдыға айналдыру жолында атқарылып жатқан істер аз емес. Солардың бірі – Ұлттық Дельфий Комитетінің Fitness Park KZ жобасы. Айта кететін жайт, бүгінгі таңда жобаға 6 мыңнан астам адам қатысып, 50-ден астам жаттығу сағаты өткізілді. Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты шеңберінде іске асырылып отыр.

Шығармашылық пен өнерді спортпен үйлестіре білген Fitness Park KZ жобасының жетекшісі Құралай Түспековамен сұқбаттасқан едік.

— Құралай Айтқабылқызы, әңгімемізді Fitness Park KZ жобасынан бастасақ. Жобаның мақсаты қандай?

—  «Fitness park KZ» жобасы – жастар арасында салауатты өмір салты мен дене шынықтыруды насихаттауды, жастардың дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын ұстану саласындағы сауаттылығы мен қолданбалы машықтарының деңгейін арттыруды мақсат тұтатын іс-шаралар кешені. Біз бұқаралық спортты ілгерілету әдістемесі мен бағдарламасын әзірледік. Қазір еліміз бойынша өкінішке қарай, онлайн форматта республикамыздың жастарына арнап бұқаралық жаттығулар, ширатулар мен шеберлік сағаттары өтіп жатыр.

 — Жобаның бірегейлігі неде? Оның баламасы бар ма? Оны өткізу қажеттілігі неден туындады?

— Жобаның қажеттілігі заман талабынан, өмір ерекшеліктерінен және жастардың қалауынан туындап отыр. Қазір карантиндік шектеулерді ескере отырып, жастарға белсенді және  қоғам өміріне араласуға мүмкіндік беру бұрынғыдан да маңызды. Жасыратыны жоқ, қазір салауатты өмір салтын ұстану және спортпен айналысу өте танымал, көптеген ақпарат көздері жастарға жаттығулар мен ширату кешенін ұсынады. Көбінесе бағдарламалар кәсіби мамандардың, оқытудың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін мамандардың қатысуынсыз жасалады. Сонымен, біздің жоба жас организмнің жетілу ерекшеліктерін ескереді (жаттығулардың әзірленген жинақтарында), сондықтан біз қалай және нені пысықтау керектігін нақты көрсетеміз. Сонымен қатар, біз жаттығулар кешеніне бір ерекшелік қостық. Ол: кешенде халық хореографиясынан жаттығулар мен ұлттық ойын түрлері қолданылады. Біз мұның барлығын жастарымыздың тілектерін ескере отырып, таңдаулы қазақстандық орындаушылардың танымал тректерінің сүйемелдеуімен жасаймыз.

— Бағдарлама мен әдістеменің бірегейлігі неде? Оны мектеп бағдарламасына енгізуге бола ма?

— Біз өз жұмысымызды жобалық басқару құралдары мен өзгерістер теориясын пайдалана отырып, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты насихаттауға ынталандырушылық әсерді арттыру әдісі деп атадық. Оны әзірлеуде біз өнім мен процесті жетілдіруді реттеудің тұрақты шеңбері болып табылатын Деминг циклі деп аталатын ғылыми қағидатқа сүйендік. Ол дегеніміз: жоспарлау-орындау-мониторинг-әсерді бағалау. Жастар топтарының жіктелуін ескере отырып, ықпал етуші субъектілер анықталды. Тек содан кейін ғана әзірленген бағдарлама негізінде  шын мәнінде, жобалаушы жаттығу кешендері, шеберлік сабақтары, қазір барлық аймақтарда өтіп жатқан дене шынықтыру және жаттығулар біздің мақсатты аудиторияға ұсынылды.

Бұл кәсіпқойлар командасының тамаша жұмысы. Айта кететін болсақ, серіктестеріміз – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы және «World Class» халықаралық желісі. Олармен бірге жұмыс істеу нәтижесінде күш-жігеріміздің үйлесімділік табуының жемісі – осы жобамыз.

Әдістеме мен бағдарламаны дене шынықтыру мұғалімдері мен жаттықтырушылар, фитмэндер де, қауіпсіз және сапалы оқу бағдарламасын жасау үшін қарапайым адамдар да пайдалана алады.

Ең қызығы, әзірлеу және енгізу барысында біз бұқаралық спортпен айналысуға қатысты өте әдеттен тыс қорытындыларға қол жеткіздік,  жобаны аяқтау кезінде өз ұсыныстарымызбен бөлісетін боламыз.

 — Жоба шеңберінде қандай іс-шаралар өткізілді? Қандай шаралар жоспарда бар?

— Біз әдістеме мен бағдарлама әзірледік, олардың негізінде әр түрлі қызмет бағыттары бойынша 10 авторлық шеберлік сағаты әзірленді. Олар әлеуметтік желіде жарияланлы және жастар қолданатын 4 жаттығулар жинағы құрастырылды. Сондай-ақ, еліміздің 5 өңірінде офлайн іс-шаралар – бұқаралық жаттығулар, дене шынықтыру жаттығулары өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда да еліміздің барлық 17 өңірінде бұқаралық спорт аптасына 2-3 рет өткізіліп жатыр. Жобаға қатысу және насихаттау үшін біз 50 қоғамдық пікір көшбасшыларын тарттық, олар бірге жаттығып, біздің бағдарламамызға, жалпы бұқаралық спортқа қатысты өз пікірлерін мысалға ала отырып айтады.

 — Осы жобада мақтанарлық қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіздер?

— Мақтанарлық ()… ең бастысы жастарға ұнайды! Қазақша тректермен және қазақы элементтермен спортпен айналысу жаңашылдық екенін көпшілік атап өтуде. Команда мұны мақтан тұтады, өйткені бұл біздің менталитетті, жақындықты ескере отырып, «өзіндік» өнімді жасау жоспарымыз сәтті болды. Мен әрқашан мәдениет пен шығармашылық барлық бастамаларда болуы керек деп санаймын. Сонда ғана бәрі жұмыс істейді, мен мұны сеніммен айта аламын.

Қазақстандағы орта және жоғары оқу орнындағы дене шынықтыру пәнінің оқытушыларымен бірігіп қандай жұмыстар атқардыңыздар?

 — Біріншіден, олар біздің жобаның барлық іс-шараларына шақырылады. Екіншіден, біз бастапқыда мұндай белсенділікті жария етпесек те, жазда өз әдістемеміз бойынша үздік оқыту үшін мұғалімдер мен жаттықтырушылар арасында арнайы байқау өткіздік. Бірақ жоғарыда айтып өткенімдей, жобаның түрлендіретін, жетілдіретін ерекшелігі бар және бұл байқау бапкерлер мен мұғалімдерге сыйымыз (жүлделі орындармен бірге) болды.

 — Жобаға кімдер қатысады, кімдермен жұмыс істейсіздер?

— Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы мен «World Class» халықаралық фитнес желісі жобаның негізгі серіктестері болып табылады. Сонымен қатар, іс-шаралардың негізгі үлесі  «World Class» бапкерлеріне тиесілі, олар тренингтер өткізеді, шеберлік сағаттары мен жаттығулар кешендерін әзірлейді. Біз тәжірибеміз бен білімімізді жұмсай отырып, әдістеме мен бағдарлама бойынша бірге жұмыс жасадық. Бізде өте керемет команда және тамаша ынтымақтастық бар! Ал жобаға қатысатын қоғамдық пікір көшбасшылары, көрнекті спортшылар, жастар көшбасшылары өз алдына бір төбе! Сондай-ақ, әрине, білім беру мекемелері арқылы өтініштер балалармен жұмыс істейміз.

— Жобада отандық жастар белсенділік танытып жатыр ма?

— Бір проблема бар, ол – ақпараттың аздығы. Біз барлық мүмкін болатын байланыс жолдарын қолданамыз: әлеуметтік желілер, таныстар, университеттер және басқа да арналар арқылы таратамыз. Пандемия кезінде жастар өте үлкен ақпарат ағынына тап болды және көбінесе көп нәрсені жіберіп алады. Бірақ байланыс орнаған кезде жастар жобаға араласып, белсенді түрде қатысады.

— Жобаны өткізуде қандай да бір қиындықтар кездесті ме? 

Пандемия. Біз эпидемиологиялық жағдаймен санасуымыз керек, өйткені жоспарланған іс-шараның басым көпшілігі онлайн түрде өткізіліп келеді, жүреді, бұл әр кезде жақсы дей алмаймын.

— Жобаның шарықтау шегі неде деп ойлайсыз? Жобадан не күтесіз?

— Біз офлайн форматта қатысушылардың көп мөлшерінің басын қоса отырып, еліміздің өңірінің бірінде бұқаралық ширату өткізуге дәмеліміз. Бұл шын мәнінде қазір біз үшін шарықтау шегі болады – біз уақыттарын қуанышпен өткізетін көптеген қатысушылармен тікелей эфирде жаттығу мүмкіндігін асыға күттік! Ал жобаның маңыздылығы сол – бұрын бұқаралық спортты дамыту  әдістемесі мен бағдарламасын әзірлеу кезінде мәдени код, шығармашылық контент бұрын-соңды қолданылмағандығында болып отыр. Бұл біздің қолымыздан келді деп ойлаймын.

— Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Мақпал ОРЫНБЕК

фото: дереккөз

 

Мынаны да қараңыз

«Біз үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз»: Екатерина Смолякова, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат

Respublica партиясы өкілдерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау тұрғындарымен өткен кездесу барысында ҚР Парламенті ...