Таспа

Қостанай облысында 2 мың жұмыс орны ашылады

Қостанай облысында 2024-2026 жылдар аралығында құны 225 млрд теңгені құрайтын 130 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Соның арқасында өңірде 2 мың жұмыс орны құрылады деген жоспар бар, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласы алдыңғы орында тұр. Мұнда 15 жобаны жүзеге асыру үшін 107 млрд теңге бөлінбек. Нақтырақ айтқанда өңірде 50 жұмыс орнын құра отырып, бұршақ дақылдарын өңдейтін толық циклды фабрика «AC Agro» ЖШС-сын салу көзделіп отыр (қуаты жылына 100 тонна өнімге лайықталған, 2026 жылы іске қосылады). Сонымен қатар астықтық терең өңдейтін құны 50 млрд теңге болатын «QostanaiGrain Industry» ЖШС-сын айтуға болады (2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр). Аталған жоба жүзеге асса 600 жұмыс орны құрылады.

Өңірде шоколад өндіретін «Баян сұлу» АҚ-ын кеңейту жоспарланған. Бұл ретте 260 жұмыс орнын құрып, 14,3 млрд теңге инвестиция тарта отырып, жаңа өндіріс құру жоспарланып отыр. Бүгінде қажетті қаржының 5 млрд теңгесін «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның бюджетін толықтыру арқылы жергілікті бюджеттен бөлу қарастырылған.

Фото: kz.otyrar.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай бір бюджеттік бағдарламаға Т30 млрд сұрап отыр

Қостанайда бір бюджеттік бағдарламаға Т30 млрд сұрап отыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. «Бюджеттiк ...