Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі басталды

Алматыда Алаш ардақтысы, аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмырзин басқарады. Нұрмұхамбетов Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) «Ореховое дерево» фильмі үшін «Жаңа ағым» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған. Режиссердің соңғы картинасы «Конокрады. Дороги времени» Францияда көрсетілді. Ал Ерген Тоқмурзин көптеген деректі фильмнің қоюшы режиссері болып жұмыс істеген.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы фильм Ахмет Байтұрсынұлының өмірінің барлық кезеңін қамтиды.

Басты рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды ойнайды. Zakon.kz тілшісі бұрынғы тергеу изоляторының ғимаратында белгілі актермен тілдесе алды.

Бұл фильм ұлт мұғалімі, ағартушы Ахмет Байтұрсынов жайлы болмақ. Оның өмірі, қоғамдағы істері және ең бастысы оның күресі түсіріледі. Бұл мемлекеттің арнайы тапсырысымен түсірілген үлкен көркем фильм. Байтұрсынов жайлы біздің жас ұрпақ осындай фильмдерді көріп өсуі керек. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен күресі ерлікке пара-пар, — дейді басты рөлді орындаушы.

Сондай-ақ картинада Назгүл Қарабалина, Александр Багрянцев және Ерлан Кәрібаев та бой көрсетеді.
Фильм Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысында түсірілді. Қоюшы оператор — Марс Омаров. Бас продюсері — Дастан Атығаев. Сценарий авторы — Ғалым Доскен.

Фильмнің негізгі бөлігі келесі жылы түсіріледі.

 

фото: kazakhcinema.kz

Мынаны да қараңыз

Көшбасшы: Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 150 пайызға көбейген

Қостанай облысы Қазақстандағы жол-көлік оқиғалары (ЖКО) санының өсімі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *