Биыл облыс спортын дамыту үшін 12,8 млрд теңге көзделген

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушыларды және «Қостанай облысының үздік спортшылары мен жаттықтырушылары» конкурсының лауреаттарын марапаттады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Өңір басшысы дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін 47 үздік спортшы мен жаттықтырушыға ақшалай және естелік сыйлықтар тапсырды. Олардың ішінде 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарының 11 қатысушысы да бар. Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігінің 4 ведомстволық марапаты мен куәлігі иелерін тапты.

Бұқаралық спортты дамыту – Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының басым бағыттарының бірі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың барлық жастары арасында бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасау қажеттілігін бірнеше рет атап өтті. Биыл дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға облыс бюджетінде 12,8 млрд теңге көзделген. Республика Президентінің тапсырмасы бойынша облыста мемлекеттік спорттық тапсырыс жүзеге асырылуда, бұл үшін облыс бюджетінде 500 млн теңге қарастырылған, бұл 7 мыңнан астам баланың, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың спорт секцияларында тегін сабақтарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, — деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар облыстық Спорт федерациялары спорттың 149 түрін дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ спорт резервін даярлау бойынша жұмысты 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, спорт клубтары, Олимпиада резервін даярлау орталығы және Жоғары спорт шеберлігі мектебі жүргізеді. Өткен жылы Қазақстан Республикасының 92 спорт шебері, халықаралық дәрежедегі 9 спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарының 1120 жүлдегері дайындалды. Ұлттық құрамаларға кіретін спортшылар халықаралық және республикалық жарыстардағы нәтижелері үшін ақшалай төлем алады, өткен жылы 149 спортшы мен 62 жаттықтырушы төлем алды, осы мақсаттарға 172 млн теңге бағытталды.

Фото: kostanaytany.kz

Мынаны да қараңыз

Маркетплейстер контрафактінің таралу орнына айналып барады

Әділет органдарының қызметіндегі бағыттардың бірі – зияткерлік меншік құқығын сақтау мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *