Рудныйда 70-тен астам студент колледж асханасындағы тамақтан уланып қалды

Қостанай облысы Рудный қаласындағы колледж асханаларының бірінде студенттер жаппай тамақтан уланып қалды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы студенттердің қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Рудный тау-кен технология колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханадағы тамақтан уланған. Жүрек айну сынды белгілерді байқаған студенттер жаппай ауруханаға жүгіне бастаған. Алайда 10 студентке медициналық көмек қажет болған. Олар ауруханаға жатқызылған.

Жағдайлары негізінен жеңіл және орташа ауыр. Көпшілігі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер науқастардың асқазанын жуып, алғашқы көмек көрсетті, сосын үйіне қайтарды, — дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

фото: sport-shanyraq.kz

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *