Қостанай облысының барлық мектебі бес күндік форматта оқиды

Қостанай облысының мектептері оқу жылын бес күндік форматта бастайтын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қостанай облысында өңірдегі барлық 457 мектеп бес күндік форматта оқиды. Онда 112 мың бала білім алады. Сонымен қатар өңірдегі 14 мыңға жуық мұғалім сенбі күні демалады.

Бұл Оқу-ағарту министрлігінің оқу жүктемесін азайту, оқу жылын созу және оқу жүктемесін біркелкі қайта бөлу туралы шешімдерінің арқасында мүмкін болды.

Республикалық тамыз конференциясының пленарлы отырысында Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов былай деген болатын:

Келесі оқу жылынан бастап үш ауысымда оқытатын мектептерді қоспағанда, барлық мектеп бес күндік жұмыс форматында оқуы тиіс. Бұл қосымша 36 демалыс күн кем дегенде 1,5 млн оқушыға ғана әсер етпейді. Сонымен қатар бұл шешім директорларға, директор орынбасарлары мен мұғалімдерге қатысты болады, енді олар қосымша 36 демалыс күнін алады. Біз мұғалімдер сенбіде демалып, балаларымен бірге болып, өзін-өзі дамытуы керек деп есептейміз. Әріптестерімде «мұндай шешім демалыс күндерін қысқартуға әсер ете ме?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл ретте 56 күндік демалыс өзгеріссіз қалатынын хабарлаймын. Бұл шешім жалақыға да әсер етпейді, — деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...