Денисов ауданында 61 жастағы тұрғынды өз үйінде өлтіріп кеткен

Қайғылы оқиға Денисов ауданының Глебов ауылында болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, үйінен өлі табылған 61 жастағы тұрғынның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.

Марқұмның мәйіті 22 тамыз күні сағат 11:00 кезінде өз баспанасынан табылды. Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 60 жастағы ер адам күдікке ілінді. Қазір оны ұстау үшін іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген ПД таратқан ақпаратта.

Тергеу мүддесіне байланысты әзірге басқа ақпарат берілмей отыр.

фото: pixabay

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...