Қостанай облысында 161 млн теңге субсидияны жымқырғандар сотталды

Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешеніне бөлінген субсидияны жымқырған 3 айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны ұрлау фактісін анықтады.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында шаруаларға субсидия ретінде бөлінген 484 млн теңге ұрланды

«Шығыс Запад» ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшыларын алдап, 161 млн теңгеден асатын бюджет қаражатын жымқырған. Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы төмендегі схема бойынша ұрланған: күдіктілер фермерлермен өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырды, оларда жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасын 2 есе өсіріп, қаражатты ұрлады, — делінген хабарламада.

Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыны кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды және сот залында қамауға алынды.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...