Қостанайда жас отбасыларды баспанамен қамтитын бағдарлама іске қосылды

Қостанайда «Жас шаңырақ» деп аталатын жаңа бағдарламаның тұсауы кесілді. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөнінде келісімге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Отбасы банк» басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова қол қойды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Жеңілдікпен жас отбасыларды тұрғын үймен қамту бағдарламасы пилоттық жоба ретінде облыс орталығы — Қостанайда енгізіліп отыр. Кейін өңірдегі барлық аудан, қалалар қосылады.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар, медицина, коммуналдық тұрмыстық қызмет саласында жұмыс істейтін қызметкерлер өтінімдерін бере алады. Отбасы банкпен бірлескен бұл жобаның  басты мақсаты — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды әлеуметтік жағынан қолдау.

 Биыл бұл бағдарламаға 700 миллион тенге қаралып отыр. Оның 350 миллионын біз берсек, 350 миллионын Отбасы банк бөлді. Келесі жылы қаржы көлемін ұлғайтамыз. Биыл кем дегенде 50 жас отбасы баспаналы болады, — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Жаңа  бағдарламаның шарт-талаптары негізінен отбасы құндылықтарын сақтауға құралған.

Екі тарап бекіткен келісім бойынша алдағы қыркүйек айынан өтінім қабылдау басталады.

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...