Рудныйда тұрғын үйлердің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша ол 4-қабаттың балконынан секіріп кеткен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

 Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 24 тамызда болған.

Рудный қалалық полиция бөлімінің «102» пультіне Комсомольский даңғылы, 36 мекенжайынан әйел адамның денесі табылғаны туралы қоңырау түскен. Болжам бойынша, әйел тұрғын үйдің 4-қабатының балконынан секіріп кеткен. Қазігі кезде өлімнің мән-жайы анықталып жатыр, — делінген ПД хабарламасында.

Дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...