«Адами факторды жоққа шығаруға болмайды»: ТЖМ өртке қатысты мәлімдеме жасады

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, бірқатар сұраққа жауап берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысындағы өртті Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқанын жеткізді. Министрдің сөзінше, өрттің ықтимал себептері бойынша тергеу жүргізілуде.

Біріншіден, адам факторын жоққа шығаруға болмайды, өйткені өрт алдындағы күндері найзағай түсу сияқты табиғи құбылыстар байқалған жоқ. Сондықтан әртүрлі нұсқалар қарастырылатын болады, — деді Юрий Ильин.

Журналистер министрге өрттің қасақана қойылуы мүмкіндігі туралы сауал тастады.

Түрлі нұсқалар қарастырылуда. Жоғарыда айтқанымдай, қазіргі уақытта біз найзағай разрядынан болатын табиғи өрт нұсқасын қарастырмаймыз. Қалған нұсқаларды, әрине, тергеу органдары қарастырады, — деп қосты министр.

Ильин атап өткендей, облыстағы өртке қатысты жағдай қазір тұрақты.

Жағдай бақылауда, тұрақты. Қазіргі уақытта өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі жоқ, — деді Ильин.

Айта кетейік, бұған дейін облыстағы өрттің шығу себебін тексеруге Бас прокуратура кіріскені туралы хабарланған болатын. Тексеру Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша жүргізіледі. Еске сала кетсек, кеше кешке Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...