Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келгені хабарланған болатын. Сапар барысында Президент Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысты.

фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында «Қайрақ» өткізу пункті арқылы әскери киім-кешектерді заңсыз әкетуге тырысқандар ұсталды

Қостанай  облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мен ҰҚК Шекара қызметі бірлесіп «Газель» маркалы көлігін тоқтатады. ...