Қостанай облысында 100 миллион теңгеге жуық субсидия ұрланған

Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылығы тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Фото: Depositphotos

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...