Қостанай облысында өрттен зардап шеккен отбасы әрқайсысы 1 млн теңгеден алды

Болат Өтемұратов қоры Қостанай облысында үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. 

Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды.

Аманқарағай, Озерное және Люблинка ауылдарында тұратын 100 отбасыға көмек көрсетілді. Болат Өтемұратов Қорының Қазақстанның Қызыл Айымен және ForteBank-пен бірлесіп жүзеге асырған «Көмек картасы» жобасы аясында бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 100 млн теңгені құрайды. Бұл қаражат зардап шеккендерге алғашқы қажеттілік тауарларға кететін шығындарды өтеуге және жаңа үйлер салынып жатқан кезде лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мен Аманқарағайда әйеліммен және сегіз және үш жасар екі баламен тұрдым. Туыстарымның отбасылары көршілес жерде тұрды. Бір күнде барлық үш үй өртеніп кетті. Қазір біз қайын енемнің үйіне көшіп келдік, әзірше осында боламыз. Бір сәтте бәрін жоғалтқанда, кез-келген көмек аса ризашылықпен қабылданады. Біз тек балалардың киімдері мен құжаттарымызды алып үлгердік. Ауа-райының суығына дейін жылы киім сатып алып, балаларды қайтадан мектепке жинап үлгеруіміз керек, — дейді жергілікті тұрғын Алексей Аткин.

Еске сала кетейік, Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысының Әулиекөл аудандық ауруханасында инсульт орталығын құруға 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.

Мынаны да қараңыз

Қостанайда 200 мың доллардан астам криптоактивтер табылды

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті KZobmen.com, 1WM.KZ, Kazobmen.ru, WM007.KZ, KZ-EXCHANGE.COM крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО ...