Таспа

Қостанайлық тұрғын мектеп сөмкесінің ауырлығына шағымданды

Қостанайлық тұрғын қаладағы мектеп оқушыларының сөмкелерінің салмағы шамадан тыс ауыр екенін айтып, шағымданды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Qostanay.TV-ға сілтеме жасап.

Қостанай қаласы тұрғынының сөзінше, 2-сыныпта оқитын баласының сөмкесінің салмағы 4 келіге жетеді.

Менің балам 2 сыныпта оқиды. Бізде 5 сабақ болады және әр сабақтың өз оқулығы бар. Бұдан бөлек, міндетті түрде оқу құралдары мен кішкентай бөтелкедегі суды қосыңыз. Мұның барлығы оның сөмкесіне салмақ қосады, тіпті дене шынықтыру пәнінің формасынсыз сөмке 4 кг дейін жетеді, — деп жазады әйел.

Оның есебінше, барлық талаптарға сәйкес сөмкенің салмағы баланың салмағының 10 пайызынан аспауы тиіс.

Неліктен мұны ешкім тексермейді, ал соңында мұның салдарынан балаларда сколиоз және омыртқаның қисаюы пайда болады. Неге екені белгісіз, сабақта балалардың бетперде киюі қажет болған кезеңде комиссия келіп, тексеру жүргізетін, ал бұл мәселе ешкімді алаңдатпайды. Біздің облысымызда мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау үшін бұл мәселені шешуге көмектесетін сенім телефоны бар ма? — дейді жауап іздеген әйел.

Фото: yassy-tur.kz

Мынаны да қараңыз

Мұхамбетов қала, аудан әкімдерімен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңес өткізді

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2022 ...