Қостанай облысында ана мен бала өлімі ең көп тіркелген

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы бала мен ана өлімі көрсеткіші жоғары аймақтарды атады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, бала өлімі көрсеткіші 1000 тірі туған бала санына шаққанда 8,3-ке жеткен.

Бала өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. 60 пайызында шала туған нәрестелер шетінеп кеткен, — деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ана өлімі көрсеткіші жоғары екені байқалатынын атап өтті.

Себептер құрылымында акушерлік асқынулар — 70 пайыз, соматикалық аурулар — 30 пайыз, — деді ол.

Сонымен қатар Ғиният медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында медициналық кадрларды даярлауға арналған резидентура гранттарының саны 1500-ге дейін ұлғайтылғанын атап өтті.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...