Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке адами фактор себеп болғанын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Министрдің сөзінше, табиғи тұтану нұсқасы толығымен жоққа шығарылған.
Оқи отырыңыз: «Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді
Өрттің қасақана немесе абайсызда тұтанғанын құзырлы органдар анықтайды. Табиғи тұтану нұсқасы толығымен алынып тасталды, – деді Юрий Ильин.
Еске салайық, қыркүйектің басында Қостанай облысында алап өрт басталып, бір адам көз жұмған еді. Сонымен қатар 100-ге жуық тұрғынның үйі отқа оранған. Ал өрттің жалпы ауданы 43 мың гектарға жеткен.
Фото: ашық дереккөз