Мүгедек адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы Ашық есік күнін өткізеді

Қостанай облысы әкімдігі Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедек адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ Ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметріне сілтеме жасап. 

Іс-шара орталықта көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер бойынша көрме стендтерінің презентацияларымен таныстырудан басталады, одан әрі таныстыру экскурсиясы және шақырылғандардың проблемалық сұрақтары мен сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізумен аяқталады.

Ашық есік күні орталықта 2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 11 мекенжайы бойынша сағат 9.00 және 11.00 екі ағынмен өткізіледі.

Іс-шараға Денсаулық сақтау, Білім басқармаларының, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің, қала және аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлері, облыс өңірлерінің медициналық мекемелерінің дәрігерлік-консультациялық комиссияларының, студенттер, үкіметтік емес сектордың өкілдері шақырылады.

Ашық есік күні мүгедектігі бар адамдар күніне (қазанның екінші жексенбісі Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күні болып саналады) және орталық қызметінің 10 жылдығына орайластырылған.

Ашық есік күнінің мақсаты — мүгедек адамдардың проблемаларына, олардың қоғамға әлеуметтенуіне назар аудару және мүгедек адамдардың көпшілігін орталықта қызмет алуға тарту.

 

Фото: Fotolia/Peter Atkins

 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...