Ресейлікке жалдамалы пәтер тауып беремін деген ер адам одан 450 мың теңгесін қағып алған

Ресейдегі мобилизация кезінде Қостанайға қашып келген ресейлік жас жігіт алданып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жалдамалы пәтерге қатысты қазіргі жағдайды жақсы пайдаланған алаяқтар ресейлік жігіттің 450 мың теңгесін қағып алған. Бірақ жалға беретін пәтері мүлде жоқ болып шықты. Бір қызығы, жас жігіт көлік нөмірін сақтап алғандықтан, полицейлер жалған пәтер иесін тез тапқан, — делінген хабарламада.

Ресейлік жігітті алдамақ болған қостанайлықтың көлік нөмірі де жасанды болып шыққан.

Бұл құқық бұзушылыққа қатысты қолданылатын жаза да қаталдана бастады.  Ал ресейлік Владимир Небренчин ақшасын қайтарып, полицейлерге алғысын айтқан.

Фото: видеодан кадр

Мынаны да қараңыз

Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған

Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ...