Қостанай көшесінде өлең оқитын жас ақын полицейлер тыныштық бермейтінін айтты

Қостанайда жас ақын Богдан Тургайский жергілікті полицейлердің үстінен шағым түсірген. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары оған көшеде өлең оқуға тыйым салыпты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  

 Бұл туралы ол Тобол инфо сайтына берген сұхбатында айтқан. Жас ақын көшеде өзінің өлеңін оқып, жеке шығармашылығымен айналысады. Тіпті жыр жинағы да жарық көрген. Ол төл туындысын 1500 теңгеден сатады. Ал өлең оқығаны үшін тұрғындар ақша береді.

Алғашында жас ақын қолына хабарландыру жазылған плакатты ұстап тұрған. Осыдан соң, оған полицейлер бірнеше мәрте ескерту жасапты.

Билік плакаттан қорқады. Бұл — түсінікті жайт, қазір плакат ілмеймін. Тек баған ғана тұр. Кеше полицейлер келіп, менің үстімнен шағым түскенін айтты. Айналама көп адам жиналып қалған еді. Олар менің шығармашылығыммен танысып, жылы лебіздерін білдірді. Мен ешкімнен қайыр сұраған емеспін. Иә, әжелердің алма сатуына тыйым салып, өлең оқуға рұқсат берді деп ашуланған. Полицейлер мені есірткіге қатысың бар деп айыптай бастады. Олармен салғыласып тұруға шамам қалмады, сосын кетіп қалдым. Бөлімшеге барған жоқпын, өйткені, кінәлі емеспін, – дейді Богдан Тургайский.

Сөз соңында ол полицейлерді «Қаланың рухын өлтіріп жатыр» деп айыптады.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...