Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады, — деп жазды облыс әкімі.

Бұған дейін орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға бірнеше ондаған мердігер ұйым кіріскені хабарланған болатын.

Құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...