«Қостанай аруы» байқауындағы шу: Ұйымдастырушы өз шындығын айтты

Сұлулар сынында жеңімпаз атанған бойжеткен қалай болғанда да ұлттық байқауда Қостанайдың атынан шығатын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

Кеше байқау қазылары жеңімпазды ұйымдастырушылар алдын ала анықтап қойғанын, шешіммен келіспейтіндерін айтқан еді. Осы жағдай туралы «Қостанай аруы» сынының продюсері Карина Теклюк пікір білдірді. Оның айтуынша, үміткерлерді бағалау кастинг кезінен басталғандықтан, Нина Доброжан бірнеше кезең аясында басым ұпай иеленген.

Қазыларға жеңімпаз бір күндік сынақ арқылы анықталмайтынын ескерткенбіз. Финалға дейін шығармашылық, спорттық, қайырымдылық жасау секілді кезеңдер болды. Барлығында да тиісті бағаларын алып отырды. Жиынтық ұпай нәтижесі солай болды, — дейді ұйымдастырушы.

Ол әділ қазылардың барлығы бірдей наразылық білдірмегенін, бұл шешімге қолдау танытқан төрешілердің бар екенін айтты. Сондай-ақ жеңімпаздың ұлтын сөз етіп жатқан жұртшылықтың сынына да жауап берді.

Нинаның орыс екенін жазып жатқандар көп. Негізі, оның ұлты молдован. «Қазақстан аруы» — белгілі бір ұлттың байқауы емес. Ал біздің қаладағы сұлулар сыны ұйымдастырылу жағынан өзге өңірлерден әлдеқайда жоғары тұрады, — деді ол.

Айта кетейік, «Қостанай аруы-2022» байқауында жеңіс 18 жастағы Нина Доброжанға берілген еді.

Фото: ng.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...