Қостанай облысындағы орман әдейі өртелген – Юрий Ильин

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке табиғи фактордың қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, алапат орман өртіне байланысты тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Дегенмен өрттің найзағай түсуден тұтанғаны туралы болжам толығымен жоққа шығарылған.

3 қыркүйекте негізгі өртеніп жатқан орманнан 2 шақырымдай жерде бөлек ошақтары болды. Тіпті шыршалардың ұшар басын жалын шарпыды дегеннің өзінде оның түйіншек бүрлері мұндай қашықтыққа ұшып түсуі мүмкін емес. Демек, әдейі өртелген, — деді министр БАҚ өкілдерімен кездесуінде.

Орманға жақын маңдағы шабындық дала да өртеніп жатқан. Мамандар жел бағытын зерттей келе оттың жазық алқапта тұтана бастағанын анықтаған.

Бұл алқаптарда егін жиналып, шөп орылып жатқан. Соған қолмен от қойылғаны сөзсіз. Осыған ұқсас жағдай БҚО-да болып, кінәлі адам ұсталып еді. Ол өзі дайындаған шөпті қымбатырақ бағаға сату үшін өзгенің маясын өртеген. Дәл сондай жағдай болуы мүмкін, — деп толықтырды Юрий Ильин.

Министр тергеу іс-шаралары барысында орман шаруашылығы мекемесінің директоры ұсталып, бірнеше лауазымды тұлғадан жауап алынғанын да жеткізді.

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...