«Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылып, 13 адам зардап шекті

Бүгін Ресейдің Челябі облысының Кунашак ауданында жолаушылар автобусы аударылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-шақырымында «Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылған. Челябі облысы бойынша Ішкі істер министрлігі бас басқармасының мәліметінше, жол апаты қардың көп жаууы салдарынан болған. Жүргізуші автобустың рөліне ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.

Салдарынан 13 жолаушы жарақат алған. Олар Челябі, Кунашак, Каслин аудандарындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Автобуста Қостанайдан Екатеринбургке жұмыс істеуге барған 22 жолаушы болған. Олар вахталық әдіспен еңбек етіп жүрген, — деп жазылған хабарламада.

«Первое областное» ақпарат агенттігі бір жолаушының ауыр халде жатқанын хабарлады. Тағы 7 адам – орташа ауыр халде.

Автобусты Екатеринбургтің 38 жастағы тұрғыны жүргізген. 12 жылдық тәжірибесі бар ол ешқашан жол ережесін бұзбаған әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

Фото: 1obl.ru

Мынаны да қараңыз

Қостанайда 200 мың доллардан астам криптоактивтер табылды

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті KZobmen.com, 1WM.KZ, Kazobmen.ru, WM007.KZ, KZ-EXCHANGE.COM крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО ...