Қостанай облысы әкімдігі «Тобыл» футбол командасына 1,2 млрд теңге бөлген

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті футбол командасына 1,2 млрд теңге бөлді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан лоттың сипаттамасына сүйенсек, аталған сома «Қазақстан футбол федерациясының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылы облыстық футбол командасының негізгі, қайталама құрамын ұйымдастыруға және дайындауға және олардың футболдан республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге» бөлінген.

Тапсырыс беруші – Қостанай облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Өтінімдерді қабылдау 21 қарашада басталып, 11 желтоқсанда аяқталмақ.

Айта кетейік, Қостанай облысында «Тобыл» футбол клубы жаттығады. Команда 47 ұпаймен ҚПЛ-2022 кестесінде үшінші орында. Клубтың басты ойыншысы – 35 жастағы серб жартылай қорғаушысы Зоран Тошич, ол айына 25 мың еуро алады.

 

Фото: wikimapia.org

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...