Қостанай облысында кісі бопсалаушылар тобы ұсталды (ВИДЕО)

Қостанай облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы облыс аумағында бопсалаумен және өзге де қылмыс түрлерімен айналысқан қылмыстық топты ұстап, оның видеосын ұсынды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Серік Байғоновтың айтуынша, жедел әзірлік нәтижесінде облыстың түрлі өңірлерінде бопсалауға және басқа да қылмыс түрлеріне қатысы бар 10 күдікті адам ұсталды.

Қылмыстық топ облыс тұрғындарына қатысты 12 қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Олардың арасында кәсіпкерлер де бар. Жалпы шығын 10 млн теңгеден асты, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...