Рудныйда апат салдарынан бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды

Қостанай облысы Рудныйда бірнеше үй мен ғимарат жылусыз қалды, — деп хабарлайды tobyl-torgai.kz iagorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы Рудныйда 24 тұрғын үй, 60-қа жуық жекеменшік үй және тағы 16 ғимарат жылусыз қалды. 19 қаңтарда Горняков көшесінде жылу өтетін жолда жарылыс болды.

Сағат 10.30-да Горняков көшесінің бойындағы жылу өтетін жолда (диаметрі 530 миллиметр) жарылыс болды. 24 тұрғын үй, 59 жекеменшік үй және 16 ғимарат жылусыз қалды. Қазір жарылған жер анықталып жатыр. Оны анықтағаннан кейін жұмысты «Рудный жылу желілері» ЖШС жедел топтары жүргізеді, — деді Рудный қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде апат салдары түсірілген видеолар пайда болды.

Фото: дереккөз

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...