Қостанайда 3 жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталды

Қостанайда отадан кейін комаға түскен 3 жасар бала қайтыс болған еді. Полиция осы іске қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Наркоздан кейін комаға түскен 3 жасар баланың өліміне қатысты полиция соталды тергеуді бастады. Қажет тергеу әрекеттері, сараптамалар жүргізіліп жатыр, — делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жоспарланған отадан кейін комаға түскен үш жасар бала қайтыс болғаны хабарланған еді.

Мынаны да қараңыз

Биыл Қостанай Наурыз мейрамын қалай тойлайды?

  Еліміздің жер-жерінде Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызды тойлау басталып та кетті. Түрлі мәдени іс-шаралар ...