Қостанайда тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Қостанай қаласындағы 8-шағын ауданда орналасқан №11 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, полиция сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің жеке басы анықталды. Ол тұрғылықты жері жоқ 51 жастағы ер адам болып шықты.

8-шағын ауданда орналасқан №11 көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның денесі табылды. 10-қабаттың баспалдағында қоқыс жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер тұрғын үйге барып, полицияға 9 бен 10-қабаттың баспалдағында өртенген ер адамның мәйітінің жатқанын хабарлады, –  делінген хабарламада.

Мынаны да қараңыз

Еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуының өзекті мәселелері халықаралық конференцияда қарастырылды

Еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлерінің тозып, ластануы мәселесі қазіргі таңда аса өзекті мәселеге айналып отыр. Астанада ...