Қостанай облысында көлде жарты тонна балық қырылып қалған (ВИДЕО)

Қостанай облысында Коровье көлінде балықтар қатып қалған. Жарты тоннадан астам қатқан балық көлден шығарып алынды деп хабарлайды tobyl-torgai 31-телеарнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Балық инспекциясының мамандары мен атқарушы органдар оқиға орнында жұмыс істеуде.

Иә, су қатқан. Коровье көлі – резервтік су қоймасы, балық шаруашылығына арналмаған. Суы таяз, метр-бір жарым метр ғана. Жазда кеуіп қалады. 30-50 граммдық мөңке балықтары үсіп қалған, – деді «Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы»РММ басшысы Серік Бейсімбаев.

Ауданы 48 гектар шағын су айдыны Заречное ауылының маңындағы орналасқан. Инспекция мамандары жағадан 577 келі өлексені жинап үлгерді. Мұз қату оттегінің жетіспеушілігінен болды. Бұл жер балық аулауға қолайсыз болғандықтан, қыста көлдің беті тесілмеген.

Су айдынында үшінші күн тұрмыз. Бірінші күні шамамен 100 кг өлексе жиналды. Кеше 400 кг жиналды, бүгін 100-150 кг алдық. Ұсақ мөңкелер, – деді «Тобыл – Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ бас маманы Асхат Төлебаев.

Фото: видеодан скриншот

Мынаны да қараңыз

Қанат Құлшыманов жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Құлшыманов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ол ...