Таспа

Федоров ауданында элеватор өртеніп кеткен (ВИДЕО)

Қостанай облысының Федоров ауданы орталығындағы ескі элеватор өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

1929 жылы салынған нысан түс ауа отқа оранған. Алдымен айналасындағы қураған шөп жана бастаған. Сосын желдің екпінімен қызыл жалын ағаштан салынған астық кептіргішті шарпыған. Өрт болжам бойынша 1 080 шаршы метрді қамтыды.

Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, элеватор жұмыс істемейді, бос тұр және елді мекенге де қауіп төніп тұрған жоқ.

Жалынды ауыздықтауға 40 адам мен 11 техника тартылды.

Фото: «Костанайские новости»

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...