Monthly Archives: маусым 2023

Қостанайда Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы сотталды

Қостанайда Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы сотталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай қаласының №2 сотында өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, сенімге қиянат жасау арқылы пара алу, алаяқтық жасау бойынша айыпталған «Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ инкассаторлық бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, салық төлеушінің электронды кабинеті арқылы жеке кәсіпкер ұсынған 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікке ...

Толығырақ »

Захар Комаров Тобыл қаласының әкімі болып сайланды

Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының әкімін сайлау өтті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Өңір әкімдігінің мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 19 174 дауыс беруші енгізілді. Дегенмен олардың 10 580-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 179, «Барлығына қарсымын» белгісін таңдағандар – 1 032. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Комаров З.К. – 7 504, Рыкунов Д.А. – 802, Тупкало О.В. – 1 063. ...

Толығырақ »

Қостанайда 22 жастағы спортшы Аян Моладағалиев қайтыс болды

Бүгін Қостанайда 22 жастағы спортшы Аян Моладағалиевті жерлестері ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қаралы хабарды Қостанай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы жеткізді. Аян спорт гимнастикасындағы жолын 2007 жылы бастаған. Талай жарыстарға қатысып, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды. Халықаралық турнирлерде де жеңіске жетіп, жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеді. 2018 жылы Аян Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер ...

Толығырақ »

Құмар Ақсақалов: Үкімет тарапынан Торғай өңіріне бюджет өсімі күрт жоғарылады

Таяуда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Торғай аймағына арнайы жұмыс сапарымен барды. Онда аймақ басшысы Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарын аралап, елдің тұрмыс жағдайымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында облыс әкімі Арқалықтағы ұлттық жоба бойынша салынғалы жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. 300 орынға шақталған білім ордасының мердігері — «Алюминқұрылыс» ЖШС. Серіктестік директоры Абай Мұқановтың айтуынша, бүгінде бой көтеретін ...

Толығырақ »

Қостанайда 39 жастағы тұрғын колледж студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан (ВИДЕО)

Қостанайда тұрғын колледж студенттерін жұмысқа орналастырамын деп, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға үгіттеген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  Дерекке сүйенсек, полиция дәл осы қылмыс схемасын ашып, жеңгетайды ұстаған. Ол 39 жастағы тұрғын болып шықты. Әрі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы ісін жүзеге асырып келген. Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы сұхбат жүргізіп, кейін ол қыздарға ақшалай ...

Толығырақ »

Торғай өңірінде құрғақшылық болады

«Казгидромет» маусымда еліміздің бірқатар аймақтарында құрғақшылық болатынын хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Казгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты болмақ. Сонымен қатар еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік және орталығында құрғақшылық күтіледі. Болжам бойынша, құрғақшылық Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, сонымен қатар, Қарағанды облысының Шет ауданында болмақ. Фото: pixabay.com

Толығырақ »

Қостанай әкімдігі Владимир Путинді күтіп алу үшін 11 миллиард теңге жұмсамақшы

Күзде Қостанай қаласында Ресей мен Қазақстанның ХІХ Аймақаралық форумы өтеді. Жиынға Ресей президенті Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  Қала әкімдігі Аймақаралық форумға 11 миллиард теңге жұмсамақшы. Айтулы шараға орай дайындық қазірден басталып кеткен. Қазір қалада асфальт төселіп, ағаш егіліп жатыр екен. Қала әкімі Марат Жүндібаев “Наша Газета” басылымына форумға дайындық аясында Smart-орталық салынып, қаланың жарықтандыру жүйесі жөнделеді, ...

Толығырақ »

Стамбұлдағы УЕФА чемпиондар лигасы

Биыл 10 маусымда Стамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Сұлу да сиқырлы шаһарға ойын тамашалауға келген жанкүйерлер қауымы футболмен бірге рухани азық алып қайтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қызықты мәдени және көркем өмірімен, дәмді дәмімен, тарихи орындарымен, қайталанбас қалалық сәулетімен, қыз-қыз қайнап жататын түнгі өмірімен және ойын-сауық-сауда орындарымен баурап алатын Стамбұл туристер мен жанкүйерлерді асыға күтеді. Чемпиондар ...

Толығырақ »

Торғай аймағын дамытуға 504,4 млрд теңге бөлінеді

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Арқалықты дамытуға қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту мақсатымен Арқалық қаласының кешенді жоспарының жобасы Қостанай облысының аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылды. Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жалпы сомасы 504,4 млрд теңге ...

Толығырақ »