Захар Комаров Тобыл қаласының әкімі болып сайланды

Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының әкімін сайлау өтті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 19 174 дауыс беруші енгізілді. Дегенмен олардың 10 580-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 179, «Барлығына қарсымын» белгісін таңдағандар – 1 032.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Комаров З.К. – 7 504, Рыкунов Д.А. – 802, Тупкало О.В. – 1 063.

Сайлау нәтижесі бойынша Тобыл қаласының әкімі болып Комаров Захар Константинович сайланды. Ол 1988 жылы туған, бұған дейін Тобыл қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. Захар Комаров сайлауда кандидат ретінде өзін-өзі ұсынды, — делінген әкімдік сайтында жарияланған Қостанай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Фото: zakon.kz

Мынаны да қараңыз

Қанат Құлшыманов жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Құлшыманов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ол ...