Қостанай облысында жол апатынан бір көлікте отырған төрт адам қаза болды

Қостанай облысында екі бала мен екі ересек адам жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

30 шілдеде «Қостанай-Введенка» тасжолының 77-шақырымында «Мерседес» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 жүргізушісі мен үш жолаушысы, екеуі кәмелетке толмаған, ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, екі факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Облыс жолдарында биыл 41 адам қаза тапқан. Қостанай облыстық Полиция департаменті тағы да жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады! — делінген ПД хабарламасында.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...