Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-7

Аға, осыған дейін осы сөздеріңіз, айтқан ақылыңыз еске түсіп отыр. Не дерімді білмей қиналып отырған жағдайым бар. Әлі есімде, әй, айтқанды тыңда! Анау ақылсыз сендерді қиына шаншып кетеді деген едіңіз. Соның азарын ендігі жерде сендер көресіңдер, — деп айтқаныңыз әлі есімде! Ол ақылды тыңдар бізде ақыл да, сана да болмады. Соның айтуымен бар борышын арқалап,кем малын бар деп, мойынға алып төлеп құтылған шығармыз десек, жоқ ол түсінігіміз қате екен. Біздің ісімізді сотта қарап, партиядан шығарып, айыптау қорытындысы бойынша жаза алдық. Ағаның бізге тартқан сыйы осы болды. Сіздердің айтқан ақылдарыңызды тыңдамай, осы күйге жеткеніме, сол үшін қарар бет жоқ, не дерімді білмей отырмын. Қазақта «ақымақтың ақылы, түстен кейін кіреді» деген сөз бар еді. Соның кебі келіп отыр. Бізді сендірген қайынағаның қамқорлығы жоқ, айтқандарының бәрі жалған. Аз уақыт Ғалым екеуімізге берген жұмысын қайта алып, жұмыссыз қалған жағдайымыз бар. Өзін бізден қашық ұстап теріс көзқараста жүргенін анық сезіп жүрміз. Әлі де совхоздың ішкі жұмыстарына араласып, басшыларынан бастап ауыстырып, өзінің қалағанын қойып жатады. Бұған осыншалықты күш бергендері таңданарлық іс.

Таңдансаң таңдан оның таңдаларлық ерекшелігі бөліп алып, билеу немесе бұрынғы директор Мүтталі Нұрғалиевтің салып кеткен құрылыстарын бұзып алып, өз қажетіне жаратудың амалы болар. Сол үшін де Кәдір мен Тұрғанбектен кейінгі директорлар мен әкімдерді жиі ауыстыруы өзіне қарсы келмейтін шын жетегінде жүріп айтқанын істейтін, айдағанына көнетін мамандарды таңдағаны байқалады. Совхозды құлатып, әлді директорларды бірінен соң бірін кетіріп, оңай олжа табудың жолы деп білейік. Совхоздағы жарамды техникаларды иеленудің оңай жолын қарастырып жатқанын көрсетеді.Алғашқы директорлар мен әкімдерден кейінгі келгендер ештеңеге иешілігі жоқ, жай қарақшылар десе де болады. Тентектің айтқанын істеп, соның ісін тындырады дейік, одан басқа бітірер ештеңесі жоқ тірі жан. Олар елді ел қылады, өз бетінше бірдеңе істейді деп сенуге болмайды, ел осылай деп ойлайды. Тірі болсақ олардың тірілігін алда көре жатармыз. Осылай деп айтып сіздің ренжуіңіз орынды деп есептеймін.

Бала әкесіне Тентектің тойға барғандағы іс- әрекетін айтып, ендігі жерде істеп жүрген жұмысын тапсырып, Қостанай жағына көшуді ойлағанын айтып рұқсат сұрады. Біз бала болдық.Жас болдық.Ата-анамыздың не істеп не тындырғанын бастарынан нендей жағдай өткенін білейік?,- деп сұрамадық. Оны сұрап білуді ойлаған жоқпыз. Енді, міне ойда жоқта білейік деп сұрауға, талпынып отырмыз. Оған себеп әке деп өзімізше шешеміздің нағашы ағасы екенін біліп, жақын санадық. Соның қолында өсіп, тәрбиесін көрдім деп айтқаны бойынша жақын тұтатын едік. Өсіп уақыт өте келе, бұның бәрі жайына қалған сияқты. Оған себеп, өзіміздің туып өскен жеріміз де, “туған жерге туымызды тігеміз” деген өзіміз қатарлы жастардың іс -шарасының ішінде бізде бар болатынбыз. Сонда барғанымызда үлкен күйзеліске тап болдық. Не істегенімізді не бүлдіргенімізді білмейміз. Шешеміздің нағашы ағасы өз-өзінен тіксініп, ренжіп қатты-қатты сөз айтып жеки түсті. Ойымда ештене жоқ, әке неге ренжідіңіз, не істедік? Кешіріңіз білейін,- деп сұрадым. Сол жердегі үлкен-кіші, ағалармен жастардың алдында, айтқан сөздері намысыма тиді. Сені, ректорыңа айтып жұмыстан шығартамын, Көресіңді көресің ,-деп аузына  келгенді айтып жатыр. Әке, қолыңыздан келетінін білемін, осыдан барысымен өзім арыз беріп, өз еркіммен жұмыстан шығамын — дедім. Ә-ә-ә,  сенің тілің шығайын деді ме? Әлі де қаңғыртамын,- деді. Осыны естіп арызымды жазып, ректорға бердім.

Осылай деп айтып ренжімей рұқсат беріңіз. Анау Тентек, қайынағаңыздың  борышынан тазартып,бар берешек кем малын мойныңызға алып, басыңызды бәйгеге тіккен, сізге осындай сый тартқан ол, бізге одан да үлкен сорақысын жасары анық. Соған көзіміз анық жетеді. Соның айтуымен бірінші алған әйеліңізді екі баласымен  жіберген боларсыз. Жиен қарындасын аласың деп қосуы үшін. сіздің еркіңізден тыс болуы керек. Анамызды алып одан төрт бала көрдіңіз. Әкелік міндетіңізді абыройлы атқарып, бізді оқытып, үйлендіріп немере көрдіңіз. Сізді ренжітейін деген ниет бізде жоқ.Сіз сияқты ана әкеден қорлық көруді қаламаймыз. Бізбен бірге Қостанай жағына барасыз, айтарымыз осы! Тағы бір сұрайын дегенім, кем малды біле тұра қалай түгел деп алдыңыздар? Шамасы ол жағдайда да қысымшылық болған болар. Үйленулеріңе де, ағаңның қысымы болған шығар, оны айтпайсың ғой. Сіз жалғыз емес Ғалымды да серік қылып қатарыңа қосты. Ол да істі болып жауапқа тартылды. Осыншалықты көрер көзге ашық не істейсіңдер? Міне мен мынандай жасап жатырмын ,-деп іс істеу, ұяты жоқ жанның әрекеті. Оны ешкім де дұрыс дей алмайды. Шыны керек, мұны ақылды адамның ісі деп айтуға болмайды. Бұндай жаннан өзіңді аулақ ұстап, қашудан басқа амал жоқ. Мен осылай деп айтып, ой қорытып балаларымның талабымен Қостанай жағына көшуге бет түзедім деп Қасымхан қинала жүріп көшетінін айтты.

Осындай мүшкіл хал жалғыз біздің басымызда ғана болған жағдай емес, ауыл ішіндегі көптеген ағайынның басында болған еді. Інімнің келем деген ағайынды көшіріп алатынын елге айттым. Бәрі де қуанып бізді де көшіріп алсын деп жатыр. Табанда беделім өсіп, әлі де елге сөзім өтетін жайымның барын көрсеттім. Көштің алдын Қалымхан аға екі баласымен үйін көшіріп барды. Олардан соң Қойшы аға үщ баласымен, Тұрекеш, Мираштың үйлері де көшіп барып орналасты. Олардың соңынан мен де көшіп барып жұмысқа орналастым. Бәрі жақсы деп айтқанымызбен туған жерге не жетсін! Бір ағайынның қысымынан туған жерді тастауға тура келді. Осы Үштөбе ауылында  20 жыл тұрып жұмыс істедім. Тағы да сол қатыгез ағаның көзі түсіп, біздің жақсы күйімізді, жақсы тұрмысымызды көріп, іштарлығы ұстап, балаларыма тиісіп, олар амалсыз намыстанып,Қостанай қаласына көшті. Мені көшеді дегенді естіп көптеген ағайын да көшуге бет түзеді. Адам баласының басына жазылған Алланың ісі деп көнеміз де қоямыз, одан басқа қолдан келер шара жоқ. Құдай салды, біз көндік деп өзімізді өзіміз жұбатамыз. Шынына келгенде кімнің ісі, оның осыншалықты қиянат жасарлықтай жазығымыз жоқ еді. Оны ел де, халық та біледі деп өзімізді жұбатудан басқа амалым жоқ. Жел айдаған қаңбақтай, соның кебі басқа туып, қиналып жатқан жайымыз бар.

Осы ретте сіздердің назарларыңызға ұсынайын дегенім, адам айтса нанғысыз, алып бөгетті соғып, жан-жаққа ұшы-қиыры жоқ телегей теңіз су шығару ешкімнің де түсіне кірмеген ғажайып ертегі десе де болады. Сондай ғажайып ертегінің кейіпкерлері, соның ішінде бірге болған, қас батырлар қазір де орталарыңызда отыр. Соны білсек, соны танысақ, болашақ ұрпақтарға аманат етіп табыстасақ деген ой мені көптен мазалап келеді. Алғашқы келген жылдары ауыл ақсақалдарын ертіп жол сапарға шыққан сәтім болды. Ол ойым өздеріңізге айтылып, кейін түрлі себептермен арасы ұзап кеткен, бірақ істелуі керек маңызы зор тарихтан ойып орын алып, жас ұрпақтар тәрбиесі үшін қажетті игі шара болары анық. Мен болайын, басқа болсын, істеуі керек деп есептеймін. Бұл кезде қуғын‑сүргін құрбандары толық ақталмаған кез. Батыл кірісуге сол кездегі қатал саясат, ырық бермей қорқа соққан жағдайым болды. Менің бұлай айтуым жас ұрпақтың жадында болсын, қайсы біреулер адам білмейтін, не істеп, не тындырғаны белгісіз ата‑бабасына ерлікті, батырлықты жамап-жасқа қосып атын шығаруды ойлап жатады. Мынандай алып бөгетті адамның қара күшімен соғу, нағыз батырдың ісі деседе болады.

Осындай ірі іс істеуге мыңдаған адамның басын біріктіріп, ас‑су, азық‑түліктерін тауып беру ойлаған кісіге, ауыр жұмыс екенін бәрі білері анық. Азық‑түлігі мол, тоқ жүріп істеді деуге келмейтін, нағыз ауыр кезең болатын. Сондай қиындықтың бірін де есепке алмай, табандылықпен жұмыс жасалды. Қиын кезеңнің жағдайына мойымай, ел ақсақалдарының ақыл‑кеңесін тыңдай отырып, небір қиындықтан қорықпай, батыл қадам жасап, бөгетті салуға белін бекем буды. Бұл істің істелуіне қарсы шығып, ұрыс‑жанжалға бой алдырғандар да болып жатты. Ондай жағдайларға кешіріммен қарап, тілін тауып, теріс түсініктерін түсіндіру үлкен қиындық тудырды. Қалай да ақсақалды ағалардың айтқан ақылы өз нәтижесін берді. Соның арқасында, Айса Нұрманұлы көптен ойлаған арманының орындалатынына анық көзі жетіп, аудандық, облыстық басшыларға жиі барып, істелер істің оң шешілетініне анық көзі жетіп, белін бекем буды. Жаны ашитын достары мен ағайындар да әркез бірге болып, жүгіңді бірге көтереміз деп, жақсы ықыластарын білдіріп, қайратын жани түсті. Осындай қолдаушылар тұрғанда, тәуекел деп кірісіп кетті.

Бұл алып бөгетті соғудың мақсаты не деп сұрап қалдыңыздар. Сол жайында айтсам, Жыланшық өзенінің бойын мекендеген Айырқұм, Аққұм елді‑мекенінде тұратын халық, үлкен күйзеліске ұшырап ашыққан. Оған түрлі себептер, қуаңшылық, азық‑түліктің жетімсіздігі, қолдағы күнелтіп отырған малдарын, үкіметтің тартып алуының әсері болған. Ылажсыздан ата қоныс, туған жерді тастап, жаяулап‑жалпылап ауа көшуге мәжбүр болды. Сол күйзелістен жол бойы жетем деген жеріне жете алмай, көбі аштан өлді. Міне осы жағдай халықтың бас көтерер ер азаматтарын, бөгет соғып су ұстап елді тұрақтандырайық деген ойға қалдырды. Сол оймен осындай алып бөгет бой көтеріп, адам айтса нанғысыз іс істелді. Теледидардан үнемі көріп, еститін «Әлемнің жеті кереметі» деген атпен мәлім пирамидаларды көріп отырып осыншалықты іс істеп, қара күштерімен соққан Албарбөгет сол пирамидалармен парапар ғой деген ой тудырады. Расында да солай сияқты,

Ұзындығы есептегенде 18км,ені 10м,ал биіктігі 8 м өзен табаны 24 м-ге жуық  деп ойлаймыз. Солай ойлап сіздерді жол сапарға арнайы алып шықтым. Ендігі ойым ата‑бабалар рухын ұрпақтар жадында сақтау, аталарымен мақтанып айтып жүрсін, әр кез тағзым етіп басына келіп құрмет етсін деген ниетпен ескерткіш тұрғызуды ойлаймын.

Шыны керек осыншалықты үлкен бөгет соғуға жалпы халықтың сенімі болмай, бас біріктіріп іс істеу қиынға соғып жатты. Бөгет талай соғылып, төккен тер, еткен еңбектің еш болып, далада қалғаны көпшілікке аян. Соны көрген жұрттың бұл іске сенімі жоқ, Айса сенген ақсақалдар мен Айсаның жиыны күн құрғатпай болып жатты. Дау да көп, тартыс та көп, құдай сәтін салып қабыл етсін дейміз де қоямыз. Ақыры өлдім-талдым дегенде, шын қуаныштың шегіне жетіп, Ерағаның бөркін аспанға атып қуанғанын ақыры көрдік. Жиналған қауым бірін‑бірі құшақтап беттерінен сүйісіп, мәре‑сәре болды да қалды. Бұл ісіміз ата‑бабаларымыздың сан ғасыр бойы ойлаған ойы, күткен арманы болатын. Сол арманға қолымыз жетіп шын қуанып отырмыз. Жаратушы бір Алла өзі қолдап, ойлаған ойымыз оңынан оралып сәтін салсын деген тілекте болайық. Атадан келе жатқан «әңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізеді» деген бар. Сондайдан құдай сақтасын дейік. Бос сөзді қойып нақты іске кірісеміз деп шешіп отырған жайымыз бар.

Бабалардың бұл істері тарихта мәңгілік қалып, ұрпақтар жадында мәңгілік сақталары анық. Сол үшін біздер не істеуіміз керек, соған сіздердің көзқарастарыңыз қалай, сол жайында білсем деймін. Бөгет не үшін соғылды, көздеген мақсаттары не, соны білсек. Осы жөнінде кім не біледі, өз ойларын айтып, ортаға салса тіпті жақсы болар еді. Себебі, менің көптен ойымда жүрген бабалар ісі, төккен тері, тарихтан орын алып ұрпақтары ата‑бабаларының кім болғанын, қандай іс тындырғанын білсе деген ниет. Сол үшін бабалар жайлы, бөгеттің соғылуы жөнінде көргендеріңізбен, естігендеріңізді айтыңыздар. Ондағы ойым бабалар рухына деп үлкен ескерткіш орнату. Бұл іске сіздердің қолдауларыңыз бен ынтымақтарыңыз керек. Бабалар соққан бөгеттің көлемі үлкен, аумағы кең. Егер Алла сәтін салып, су ұстаса елдің шөліркеген шөл даласын тіршілік нәрімен толтырары анық. Халықтың осыған дейін де сан ғасыр су ұстау мақсатында бөгет соққаны, оның ізі күні бүгінге дейін жатқаны анық дегенде, Жүсіпназар Байтұрсынұлы:

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзең гүрілдеп, — деп өлеңді әнімен шырқай жөнелді. Осыны естігенде үлкен ақсақалдар: — Мынау айтып отырғандарың өздеріннің соққан бөгеттерін ғой, — деп. Балам-ау бұны қашан шығардың?,- деді. Бұны шығарған мен емес, қазақтың ұлы ақыны Абай, — дегенді айтты.

Кейінгі ұрпақ өткен дәуірдегі ата‑бабалар еңбегінің зая кетіп, еңбектері еш болғанын ойлап алдағы істелер іске де сенімсіз қарайды. Ол ойларының қате екенін айтып, ендігі істелер жұмыс нақты өлшеммен соғылатынын, үлкен ақсақалдар ақылдарын айтып ынтымаққа шақыруы керек.

Ендігі жерде бөгет нақты өлшеммен соғылады деп айтып қалдық. Алдымен мен осы жөнінде түсінік беруді жөн көріп отырмын. Өлшеудің ең негізгі алғы шарты, жер деңгейінің биіктігін анықтау. Оның ішінде су түсіруге тиісті шабын болады деген жердің биіктіктерін анықтау басты нысанада болады. Бөгет негізінен Қабырға өзенінде соғылуы керек. Мақсатымыз тек қана өзенде су ұстау емес, шабындық болады деген жердің есебін алып, сол жерлерге су түсіруді көздейміз. Соғылатын бөгет сол шабындық болады деген жердің деңгейімен соғылады. Бөгеттің биіктігі осыған сай өзгеріп отырады. Айса осы жағдайда басты өлшем ретінде Қарабидайық табанын нақты өлшем ретінде алып, осы табанға толық су түссе, басқа шабын болады деген жерлерге су түсетінін әу бастан сеніммен айтқан болатын. Айтылған бұл пікірге қарсы шыққандар болған еді. Халықтың осы наразылығына жай қарауға болмайды. Дер кезінде тиісті шара қолданып, шешім жасау керектігі айтылып, елдің назарына ұсынылды. Жұмыс бар жерде бұндай қарсы теріс пікір айтылуы болып жатады. Ол жағын түсіне білген жөн. Осы жағдайды дұрыс түсініп, елді үркітудің жөні жоқ.

Қазіргі ұрпақ бойына қандай қасиеттерді сіңіріп, қандай тәрбие алады. Ұлы ойшыл кеңес дәуірінің құрбаны болған Шәкәрім Құдайбердіұлы, көргенім айналам дау‑жанжал, ұрлық, қанау, тонау, жуанның зорлық‑зомбылығы, мансап құмар обырлық, ұрыс‑төбелес менің көргенім, сүрген өмірім осылай өтті деген екен деп, Сабыр ақсақал өзінің ішінде жатқан ащы шындығын осылай бастаған еді. Мүттал Нұрғалиұлы осылай айтып ақсақалдың ренжісі де, ашуы да орынды. Біз кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге боларлық не қалдырамыз. Біздің бойымызда осындай арамдық, залымдық тұнып тұрғанда одан не алады. Қай ісімізді жастарға өнеге етеміз. Бұл ақсақалдың ойы дұрыс, осындай жағымсызбен жағаласып отырмын. Арым таза, ешкімге қиянатым, зорлық-зомбылығым жоқ, бұл менің Мүттал Нұрғалиұлы сізге айтар шын сөзім. Сәке, бұл ойыңыз өте орынды, осы уақытқа дейін маған мынау керек деп, жағдай айтып ештеңе сұраған жоқсыз. Бар ниетіңіз елдің, халықтың жағдайы, соған араша түсіп, дер кезінде көмек жасауға ұмтыласыз. Осы ісіңізді біреулер ұнатпайды. Ондай қарсы ой менде жоқ. Сыйластығымыз түзу, алда да солай болары анық. Көп ренжіп өзіңізді күйзеліске салмай, денсаулығыңызды ойлаңыз. Алда бәрі жақсы болады, шындықтың жеңері сөзсіз. Ашуды қойып денсаулығыңызды ойлап, ашуды ақылға жеңдіріңіз деген.

Мүтталдың осы бір жылы сөзін естіп бойым сергігендей болды. Расында көптен бері қалың ойдан арыла алмай, қатты қиналып жүрген едім. Сол арқалаған жүрегімнің біразін түсіргендей болдыңыз. Бұл қолдауыңызға алғысымды білдіремін. Адамның қатты қиналып жүргендегі, бір ауыз жылы сөзі, сондай қымбат екенін анық сездім деп айтқаны, әлі есімде деген сөзді Мүтталі Нұрғалиұлынан талай естігенін айтты. Сәкеңнің мен білетін ерекше қасиеті өзіне емес, біреудің өзгеге істеген ісіне қатты күйініп араша түсіп, тындыруға кірісіп кететінін білемін. Бұл кісі кім-кімге де жанының ашитынын айқын сездіреді. Сәкеңнің осындай еліне, халқына жаны ашырлық сезімін елі де сезеді. Қысқасы Сабыр ақсақал ағайын, халықтың табанына қадалған шөңге маңдайма қадалсын деп, маңдайын тосуға әр кез дайын тұратынын көрсетеді. Елдің жан ашыр қорғаны бола білген кісі деп құрмет тұтады. Қазір қарап отырсақ күнделікті тірлікке басы ауырып, балтыры сыздап, жатқан жанды көрудің өзі қиын сияқты. Алда күніміз не болады? Жастар қандай тәлім тәрбие алады? Олар кімге қарап бой түзейді? Кімнен үлгі, өнеге алады? Ондай жанды қанша іздесек те, табар түріміз жоқ. Айналасы толған ұрлық‑қарлық. Біреуді біреу алдап ішіп жеп кету. Заман не болып барады? Осыны ойлап Сәкең қатты қиналады.

Иә, расында қиналып қаны қайнайтындай өрескел іс,айтуға да ұят. Осыған ұқсас мәселе аудандық оқу ағарту саласындағы директорлар кеңесінде қаралатыны жөнінде, радиограмма келіп шақырту алдық. Шақырту бойынша ауданға келіп директорлар кеңес отырысына қатыстық. Жиналыс басталуынан бұрын бастықтың кабинетіне кіріңдер деген хабар болып, кіріп орынға отырдық. Білім бөлім басшысы директорларды түгендеп, біреуі жоқ — деді де, ол сыртта жүрген болар, — деді. Сол директордың үстінен шағым болып, соны қараймыз деп, күн тәртібіндегі негізгі мәселені айтты. Директордың таза педагог екенін, тәртібінің жақсы, іскер басшы екені бәріңізге аян. Соны қолдап сөйлеулеріңді алдын ала ескертемін, — деді. Қарап отырмай директорлардың бірі арызды кім жазыпты — деп сұрады. Жазған мұгалімнің атын айтып еді, ол ағай жазбайды ғой деп еді. Онда кім жазды деп ойлайсың? Оны анау Тентек қой деп еді, ол туыс емес пе? – деді. Ол туыс болса да жазады,-деді. Сол кезде Алин қарап отырмай, айтуының жаны бар, — деді. Тұр Алин, кәне айт жаны болса, — деп орынан тұрғызды. Ол өзіне арыз жазу жөнінде ұйымдастырмақ ойда болған Тентекті айтты. Қане Алимов тұр, сен де білесің, бұл жөнінде не білесің, айт — деді. Ол да маған арыз жаз, директор қойдырам деген сөз айтқанын айтты.

Қиналғанда қамқор, адасқанға сүйеу болатын, ағалар мен олардың ізін басып соңынан ерген інілері, сіздердің алдарыңызда отырмыз. Сондықтан, ағымыздан жарылып таза да, ашық сөйлесейік. «Күштінің арты дермен тартады» дегендей, інім деп аузың қайыстай созатын оның бір інісіне жасаған құрметін, зейнет жасына жеткен сәтінде, оқу жылының толық аяқталуына қарамай, бір ай қалғанда жұмыстан босаттырып, інісінің баласын директор қойдырдың. Заң жүзінде тарификацияда көрсеткендей, оқу жылын аяқтауына болатын еді, оған қаратпадың. Биліктегілер азулы Тентектің ығына жығылып, айдағанына жүріп, айтқанын істеді. Осыған қарап сол кездегі басшылардың кім екенін, не істеп, не тындырып жатқанын білерсіздер. Осындай іс әрекетті көріп, Сабыр ағаның қаны қайнайды ғой. Бұндай өнер бұл шіркінде үнемі болып тұрады. Ондай жағымсыз жағдайларды рет‑ретімен айтып, оқырмандар оқып біліп, жат қылық, жағымсыз әрекеттерден сақтансын деген ниетпен айтамын. Екінші бір сұмдығы бизнес саудасына ерте араласып, мал мен адам айырбасын да жандандыра түсті. Көрігі қызған сауда жайын кейінірек айтармын деп отыр едім, амал жоқ айтудың реті келіп қалды. Соның азары, халыққа көрсеткен құқайы жайлы болмақ. Ел ішінде болып жатқан оқиғалар еселей түсіп, көбейіп, елге тарайтыны қашаннан белгілі. Елді ынтықтырып білуге құштарлығын арттырған, Ғалым мен Қасымханның қайта үйленуі болатын.

Қазақта «сенген қойым сен болсаң» деген сөздің дәл өзі болды десем де болады. Туысы, ағасы деп танысақ. Ондайдың да жалған болып айырбасқа түсетінін көріп таңырқап отырмын. Ол таңырқаудың себебі не екенін айтайын. Менің алдымда бір азаматтың шағым хаты жатыр. Хат иесі алғаш институтты бітіріп келіп, менің қарамағымда жұмыс жасады. Өзі тәрбиелеп дәріс берген шәкірттерінің біразы, қазір мектептерді басқарып, менің алдымда отыр. Осы жазылған шағым хат иесі сен дегеніме шәкірттерің сенбей отыр. Өзің айтып сендірмесең, мен сендіре алмадым, кәне өзің айт деп жауап күтті. Бұл сұраққа жауап қайтарар түрі болмай, қатты қиналған қалып танытты. Сенің қиналысыңды біліп отырмыз, тек шыныңды айт, осында отырған шәкірттерің өз аузыңнан естігісі келеді. Уақыт алма, тезірек жауабыңды айт, — деп Ғазиз ағай айта түсті. Шыныңда менен үлкен қателік кетті, бәріңізден кешірім сұраймын! Өздеріңіз біліп отырған Тентектің ықпалымен жазып әкелген шағымына ие болған едім. Шыны керек бұл істеген ісім дұрыс болмады, не деудің жолын таппай отырмын. Иә, бұл айтуыңа сенейік. Өзің де осы істің жөнсіздігін біліп қиналып отырсың. Бала емессің, ақыл тоқтатқан саған тіптен ұят. Тентектің отын‑суына сатылып отырғаныңды сезіп отырмыз. Алда бұндай жағымсыз жат қылықтан аулақ бол.

‑Иә, айта берсем айтар сөз, шертер сыр көп, тек сенде тыңдар уақыт болса деймін.

— Неге олай дейсің, қашан мен уақытым жоқ деп сенің айтқаныңды тыңдамап едім?

— Онда айтайын, — деп айтар сөзін бастап кетті. Ауылымыздың сәні кіріп көптеген тұрғын үйлер бой түзеп, жаңа көшелер қаздай тізіліп бой түзеді. Осындай жақсы істерді көріп, сондай сән мен салтанаттың басшысы болған адал қызмет етіп ел құрметтеген Мүтталі жайлы айтар ойымыз көп. Сол жайында азды‑көпті болса да, өз көргенімді айтсам деймін. Бұл тірлікте мәңгілік ештеңе жоқ, бүгін бар дегеніміз, ертең жоқ болып жатады. Оған себеп тірі жанның ауыл сәніне өз дегенін істеп, ауылына жаны ашырлық сезімдерінің жоқтығына қарын ашып, көңіл құлазиды. Көкалат ауылының  батыс жақ бетінде ескі үйлер түгел бұзылып, тыңнан екі көше, оңтүстік жағынан екі көше бой түзеді. Осыншалықты Мүтталі Нұрғалиұлының іздері із түссіз жоғалып кетпесе жарар еді, деп еріксіз жүректі ауыртады.

Мына тұрмыстық‑әлеуметтік жағдайдың еңсені езген ауыртпалығын көргендер, ауыртпалығына шыдамай өмірден мезгілсіз өтіп жатқан ағайын қаншама. Солардың күйзелісі, ішкі ренжісінің тууына қатігез істер себепші. Ол өздеріңізге де мәлім. Солардың оған деген өкпе ренжісін естігенімді айтып жеткіземін. Сен де мәңгілік жүре бермейсің, соны жеткізейін деген ойым. Біз көрген Тентек болсаң халық алдындағы өзіңнің мақтанар, ағайын туысқа жасаған мындай қызмет, көмегім болды деп айтарыңның жоғы анық. Соны білеміз. Осы сөзді естігенде Жанаға:

Шырағым, Тентек‑ай! ана Сабырды қақпайлап қаншама сөйлетпеуге тырысып отырғанымызды өзің де, мына отырған інілерім де біліп отырды. Осының бәрі саған жанымыздың ашығандығы, соны сезер ой сенде бола ма? Саған деген кім‑кімнің де ренжулерін айтып түгесудің өзі қиын сияқты. Неге осындай қиянат жасап, қатігездік танытуға не итермелеп отыр, соны айтып түсіндірші. Осыншалықты жамандылықты неге қуа бересің. Анау өзіңмен қатар қызмет жасап жүрген Тиышық пен Қайпендердің соңынан жағымсыз сөздер неге ермейді? Олардың шаруашылығы жақсы, халқы да тыныш, малы да, жаны да аман. Сабыр сол жағына назар аударып атылып, асылып, темір торға қамалып, өлгендер мен қамалғандар жайын қозғады. Біз ол сөзін бұзып, ақыл айтқан болып бағытын басқа жаққа бұрдық. Бұның бәрі саған деген ағалық, туысқандық жан ашырлық сезіміміз. Бұл ісіміздің саған әсер етіп отырмағанын анық сезіп отырмыз. Тек саған керегі сүйегі әлдеқашан қурап қалған ата‑бабаларымыздың маңдайының тері тамып, табанының іздері жатқанын бөгеті керекте соққан бабалар ұрпағын сақтау қиын болып отыр. Соны ескертіп сол батыр бабаларға деп ескерткіш аллея тұрғызуды ойлаймыз. Анамыз Дәулетбике алты баласына сонау патша заманында заңдастырып жер үлесін алып берген жерді иешілік етіп келе жатқаны қуанарлық іс.

Қапеш ӘЛИҰЛЫ

(жалғасы бар)

Фото: foto-planeta.com

Мынаны да қараңыз

Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандарын дамытуға көп көңіл бөліп отырмыз — Құмар Ақсақалов

«Арқалықта самолет ұшады», «Торғайға газ келеді». «Арқалық институты университетке айналады». Бұл жағымды жаңалықтарды арқалықтықтар қалаға ...