Сенаторлар Қостанай облысын дамыту мәселелерін талқылады

Сенат депутаттары Сергей Карплюк пен Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аграрлық сектор мен ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі түйткілдер талқыланды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сенаторлар облыс әкімімен және өңірдің мәслихат депутаттарымен бірге бірқатар кездесу өткізіп, азаматтардан келіп түскен маңызды мәселелерге назар аударды.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыру, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелерін тілге тиек етті.

Мемлекеттік сатып алуды уақытылы және сапалы орындау бюджеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне әсер етеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мол септігін тигізеді. Сондықтан ұсынылған өзгерістер өңірдің экономикалық қызметі пен инвестициялық ахуалына оң әсер ететінін атап өту маңызды, – деді Сергей Карплюк.

Сонымен қатар сенаторлар мәслихат депутаттарымен ауылдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ импортқа тәуелділікті азайту және ішкі өндірісті дамытуды ынталандыру бойынша бірлесіп атқарылған жұмысты талқылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп, ішкі нарық үшін дайын өнім жасау қажет. Бұл қосымша құн жасауға және азық-түлік түрін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығының өнімділігі мен тиімділігін арттырудың, сондай-ақ дайын өнімдердің кең ассортиментін ұсынудың арқасында бағаны күрт өсірмей, халықтың күннен-күнге өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға болады, – деді сенатор Ғауез Нұрмұхамбетов.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...