Премьер-министр Арқалыққа жаңа әуежай салу керек екенін айтты

Үкімет басшысы депутаттық сауалда көтерілген осы мәселеге қысқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Смайылов не дейді

Үкімет басшысы облыс әкімдігі Арқалықта әуежайдың жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлайды. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолын, перронды, аэровокзалды және әуежай инфрақұрылымын тексеру үшін 9,5 млн теңге бөлінгенін жеткізеді.

– Зерттеу нәтижесінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, ұшақтарға қызмет көрсету үшін жаңа жабдықтар мен арнайы техниканы сатып алуды қоса алғанда, әуежайдың инфрақұрылымын қалпына келтіру және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды жүргізудің орындылығы айқындалатын болады, – дейді Смайылов жауабында.

Әуежайларға 71 млрд теңге

Былтыр 19 желтоқсанда көлік министрі таяудағы 2-3 жылда Балқаш пен Үржардың əуежайларына жаңғырту жоспарланып отырғанын, сондай-ақ, Қарқаралы мен Ұлытауда, Зайсан мен Катонқарағайда əуежайлар салу мəселесі пысықталып жатқанын хабарлаған еді. Жөндеу мен құрылысқа барлығы 71 млрд. теңге жұмсалады. “Ақ жол” депутаттары аталған қалалармен қатар, Арқалыққа да жаңа әуежай салуды сұраған. Үкімет басшысының жауабына қарағанда, кезінде іргелі қала болған шаһарға жаңа әуежай әзірге бұйырмайтын сыңайлы.

Фото: stranabolgariya.ru

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...