«Шұңқырды қоршамаған»: Қостанай облысында қауіпсіздік ережесін бұзған бригадир сотталды

Қостанай облысында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған ЖШС бригадирі сотталды, деп хабарлайды Alau.kz.
Қылмыстық іс Бейімбет Майлин ауданының сотында қаралды.
Сотталушы С. абайсызда адам өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ЖШС бригадирі сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот «Бейімбет Майлин ауданының Майское ауылындағы су құбыры мен тарату желілерін қайта жаңарту» объектісінде сотталушының шұңқырды қоршаумен немесе жер үйінділерімен қоршауды және тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыруды қамтамасыз етпегендігін анықтады.
Сотталушының әрекетсіздігінің салдарынан велосипедпен жүрген азамат Ш. қазылған шұңқырға құлап, дене жарақатын алып, Бейімбет Майлин ауданының ауруханасында қайтыс болды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтқан.
Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін жағдайлар ретінде — кінәні толық мойындауды, жасаған ісіне шын жүректен өкінуді ескерді. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен С. кінәлі деп танылды және оған ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...