Қарабалықта әкімдік қызметкерлері 13 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

Осылайша, кәсіпкерлік бөлімінің бухгалтері өзіне және бөлімнің бұрынғы басшысына заңсыз жоғары жалақы төлеу арқылы 13 млн бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отыр.

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі, атап айтқанда ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Енді кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: Orda.kz

Фото: gov.kz

 

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...