Қостанай әуежайы тағы да сатылымға шығарылмақ

Биыл Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы жекешелендіруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Аlau.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуежай бұған дейін екі рет аукционға шығарылып, қожайынын таппаған болатын. Айталық, соңғы рет 2018 жылы Қостанай әуежайы аукционға қойылғаны есімізде.

Осыдан кейін әуежай республикалық баланстан алынып, Қостанай облысы әкімдігінің меншігіне берілген-ді. Әкімдік әуежай ғимарат мен ұшу-қону жолағын да жөндеуді бастаған болатын.

Қаржы басқармасының мәліметінше, әкімдік нысанды нақты қалай жекешелендіру мәселесін қарастырып жатса керек.

Әкімдік балансындағы мемлекеттік мүлікті жекеге шығарудың көптеген жолдары бар. Алдағы уақытта нысан сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Әуежай түрі жолмен сатуға, тендерге немесе аукционға қойылуы ықтимал. Мемлекеттік органдар тарапынан жергілікті деңгейде мемлекеттік комиссия бұл үрдісті барынша бақылайтын болады, – дейді Қостанай облысы әкімдігі Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова.

Қаржы басқармасы өкілдерінің айтуынша, Қостанай облысындағы 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін.

Осылайша, жоспарланған нысандардың көпшілігі жеке адамдардың қолына өтті. Облыстағы БАҚ пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 600 млн теңгеге сатылған.

Қаржы бөлімі қазір жекешелендірудің барлық күшін әуежайға бағыттауда.  Қазірдің өзінде әкімдік акцияның 49 пайызын ғана сатуға дайын.

Әуежай стратегиялық нысан болғандықтан оның негізгі бақылаушы пакеті мемлекет қолында қалады. Қазір ресми мәлімет бойынша кәсіпорынды бағалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыс сәуір айында аяқталады. Ал 2017 жылы әуежай сатылымға қойылғанда 862 миллион теңгеге бағаланған болатын.

Фото: kstnews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...