Қостанайда ауруханада көз жұмған екі жастағы сәбидің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді сараптама тағайындалды. Қала тұрғыны Мақпал Баймұхаметова баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Былтыр желтоқсан айында екі жастағы Асан ларингит ауруымен облыстық ауруханаға жеткізілген.Бір тәуліктің ішінде бүлдіршіннің тамағындағы дерт, өкпе қабынуына ұласады да беймәлім жағдайда жан тапсырады.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау мекемесінің тексеріс нәтижесімен келіспейміз.Өйткені олар қызметкерлердің түсініктемелері негізінде қорытынды жасаған.Дәрігерлердің жазғанына жүгініп отыр, — дейді қала тұрғыны Мақпал Баймұхаметова.
Қабырғасы қайысқан қала тұрғыны тергеу амалдары әділ жүргізілсе дейді. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Облыстық балалар ауруханасы мен нөмірі төртінші емханаға, жедел жәрдем қызметіне қатысты кешенді сараптама тағайындалған.
Осы факті бойынша Қостанай облысының ПД қылмыстық іс қозғады.Тергеу аясында бірқатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.Қазіргі таңда 3 медициналық мекемеге қатысты кешенді сараптама тағайындалды.Оның нәтижелері бойынш тиісті шешімдер қабылданатын болады, — деді облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Құсайынов.
Фото: astanatv.kz