Қостанай облысында металл қабылдау пунктіне қарақшылық жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

24 ақпанда күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің біріне қарумен барып, 792 мың теңгені иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ автокөліктер тексерілді.

Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды, – деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.

Күдікті қамауға алынды. Енді оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ПД жол қозғалысының жабылуына байланысты қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағаны үшін халыққа алғысын білдірді.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны екі есе өскен

Жыл басынан бері Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе ...