Қостанай облысына сегіз бас Пржеваль жылқысы әкелінеді

Биыл маусымда Қазақстан Чехия астанасы Прагадан 8 бас Пржеваль жылқысын әкеліп, жерсіндірмек. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Қостанай облысы аумағындағы «Алтын дала» резерватының көлемі 490 мың гектарды құрайды. Ғылыми жұмыстар жүргізіледі. Бастапқы уақытта 8 бас Пржеваль жылқысын әкелу, 3-4 жылдан кейін оның санын 40 басқа жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін аталған резерваттың материалдық базасы жабдықталды. Жабайы жылқыларды жерсіндіру және қорғау жұмыстары біздің министрліктің қаражатынан іске асырылады, — деді Данияр Тұрғамбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ол Пржеваль жылқысын жерсіндіру үшін жақын маңда үй малы болмауы керек екенін атап өтті.

Сондықтан біз таңдаған жердегі 50-60 шақырым маңайда үй малдары жоқ. Себебі үй жылқыларынан аурулардың жұғу қаупі бар. Елімізге әкелінген Пржеваль жылқылары бір жылға дейін қорада тұрады, оларды жерсіндіру үшін 89 мың гектар шөп қоры бар. Одан кейін жайылымға жіберіледі, резерваттың аумағында жылқылар үшін қорек қоры жеткілікті, — дейді комитет төрағасы.

Фото: Синьхуа/Дин Лэй

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...