Monthly Archives: тамыз 2024

Фёдоров қашан Жаркөл болады?!

«Құйылып тұрған көктен нұр, Жиылып тұрған көктем-жыр, Айдында шабақ шоршыған, Жаркөлдің суы мөп-мөлдір» деп келетін ән жолдары Қостанай облысының бұрынғы Жаркөл, қазіргі Фёдоров ауданы жеріндегі Жаркөл көліне арналған. Фёдоров ауданы Қостанай облысының солтүстігінде орналасқан. Аудан 1928 жылы құрылған. Жер көлемі 7,2 мың шаршы метр. Фёдоров ауданы 12 ауылдық округке бағынатын 49 елді мекеннен тұрады, осыған дейін аудан аумағында 68 елді ...

Толығырақ »

Тынымсыз кәсіпкер

  Тынымсыз Танашова немесе кәсібін дөңгелеткен Роза Қайыркенқызы туралы! Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Роза Қайыркенқызы, ол Арқалық қаласына белгілі кәсіпкер. Қазіргі күні өз кәсібін дөңгелетіп, бір емес, бірнеше сала бойынша жұмыс істеп отыр. Роза Қайыркенқызының өндіріс ошақтары қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, 10 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Өндірісін одан сайын дамытып, әртараптандыруды қолға алған. Роза Қайыркенқызы Танашова ...

Толығырақ »

Алматы және Жетісу облыстарында жас қаламгерлерге арналған әдеби тур басталды

Алматы және Жетісу облыстарында жас қаламгерлерге арналған әдеби тур басталды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы мен Жетісу облыстарының ұйымдастыруымен жас ақын-жазушыларға арналған әдеби тур басталды. Министрлік жанынан құрылған «Alqa»жастар клубының мүшелері балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай жазушының ауылы Қостөбеге барып, қаламгер оқыған тарихи мектеппен танысты. Сонымен қатар мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жері Қарасазға табан ...

Толығырақ »

Дің немесе үйтас туралы

Жалпы, дің туралы айтқанда есімізге «Екідің» еске түседі. Екідің – VIII-IХ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері, шамамен ерте темір дәуірінде пайда болған. Қостанай облысы Арқалық қаласы Екідің ауылының солтүстік-шығысына қарай, Қараторғай өзенінің екі жақ жағасында орналасқан. Ол ертедегі екі рәсімдік құрылыс тастан киіз үй тәріздес салынған. Ескерткішті 1959 жылы Ә.Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Академик Әлкей Марғұланның деректеріне сүйенсек, ...

Толығырақ »

Кәсібін дөңгелеткен келіншек

Қазір Қостанай облысындағы Батпаққара жері, дұрысы аудан орталығы тоғыз жолдың торабына айналған. Мына жағы Арқалық, былай Амантоғай арқылы кетсең Қостанайға шығасың, оңтүстігі қарт Торғай. Кенттегі қарқынды жүріп жатқан құрылысқа разы болдым, жергілікті тұрғындар мемлекеттің жәрдемінен басқа өз күштерімен 12 үй салып жатыр екен. Үй болғанда да сыңғырлап тұр. Бәрінен бұрын Амангелдіде салынып жатқан туристік хабқа айрықша разы болдым. Бұл көп ...

Толығырақ »