10.09.2024

Қостанайдағы KIA зауыты жылына 70 мыңға жуық автокөлік шығара алады

Президент KIA автомобиль зауытының құрылысымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды. Президентке құрылыс жұмыстары былтыр қазан айында басталғаны туралы баяндалды. Жоспарға сәйкес, конвейерден алғашқы көлік сынақ режимінде келесі жылдың шілде айында шығарылады. KIA Qazaqstan бас директоры Ким Дэ Ки зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылатынын жеткізді. Автокәсіпорын бастапқы ...

Толығырақ »

Президент озық технологиялармен жабдықталған кәсіпорынға оң баға берді

Мемлекет басшысы озық технологиялармен жабдықталған кәсіпорынға оң баға берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұдан соң зауытта еңбек ететін отандық жас инженерлермен әңгімелесті. – Бүгінде біз жұмысшы мамандарды қолдап жатырмыз. Ол жөнінде Жолдауымда да айттым. Келесі жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияладық. Еңбек – қашан да құнды. Бұл жерде кіл жастар жұмыс істейді екен. Біз ірі және шағын кәсіпорындарда қызмет ететін мамандарды, ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытына барды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды. Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Президент жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнын аралап көрді. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Гуртовой зауытта жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілетінін айтты. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ...

Толығырақ »

Президент Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанайға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тоқаевты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы әуежайдан Құмар Ақсақалов қарсы алды. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады. Фото: Ақорда

Толығырақ »