«11 ақпанда қызметінен босатылған»: Құмар Ақсақалов жемқорлық күдігімен ұсталған орынбасары туралы пікір білдірді

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов таяуда ҰҚК тарапынан ірі көлемдегі жемқорлық ісімен ұсталған күдікті – орынбасары Гүлбарам Мұсағазина туралы пікір білдіріп, ол биыл 11 ақпанда өз өтінішімен қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қостанай облысы әкімінің орынбасары тергеліп жатыр

Өңір басшысының айтуынша, қазіргі уақытта шенеунікке қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

(Фото: Gov.kz)

Өздеріңіз білетіндей, Гүлбарам Мусагазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар тергеу барысына араласып, оған баға беруге құқылы емес. Барлық мән-жайлар объективті әрі жан-жақты қаралады деп сенемін, — деді «ТоболИнфо»-ға Құмар Ақсақалов.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын ҰҚК баспасөз қызметі растаған болатын.

Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...